Жаднамалар таратылды

Жаднамалар таратылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022–2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы №1147 қаулысымен бекітілген әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының талаптарына сәйкес, ағымдағы жылдың 31 наурызы күні ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың ережелерін, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін көзделген жауапкершілікті түсіндіруге бағытталған жаднамалар таратылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Жаднамаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен шектеулері, сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік түрлері кеңінен қамтылған.

Іс-шара барысында қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шаралары толық көлемде орындалды.