Басқарма қызметкерлері референдумда толықтай дауыс берді

Басқарма қызметкерлері референдумда толықтай дауыс берді

Кеше елімізде өткен референдумға Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының қызметкерлері белсенді қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Басқарманың барлық қызметкерлері өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, белгіленген учаскелерде дауыс берді.

Референдум – ел дамуы мен қоғам болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын саяси үдеріс. Осыған байланысты басқарма ұжымы да мемлекет өміріндегі маңызды оқиғаға бейжай қарамай, ұйымшылдық танытып, референдумға толық құрамда қатысты.

Басқарма қызметкерлері дауыс беру арқылы елдің тұрақты дамуына, қоғамдық келісім мен бірлікке өз үлестерін қосып, белсенді азаматтық позицияларын көрсетті.