
Жиналысқа басқарма ұжымының тізім бойынша қызметкерлері, сондай-ақ облыстық ветеринариялық станциясының басшылық құрамы, қала және аудандардағы ветеринариялық бөлімдердің басшылары мен мамандары қатысты.
Жиын барысында алдағы референдумның маңыздылығы, оның ел дамуы мен қоғам өміріндегі рөлі туралы кеңінен айтылды. Басқарма басшысы референдум – азаматтардың өз пікірін білдіру арқылы мемлекет үшін маңызды шешімдер қабылдауға қатысуының маңызды тетігі екенін атап өтті.
Сонымен қатар, жиналыс барысында қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, қоғамдық-саяси науқандар кезінде мемлекеттік қызметшілердің бейтараптық қағидаларын сақтау, заң талаптарын қатаң ұстану қажеттігі айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Басқарма басшысы ұжым қызметкерлерін ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси шараларға жауапкершілікпен қарап, азаматтық белсенділік танытуға шақырды.