
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасы Мират Нұрғалиұлы Исаков азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштері мен сұрақтары тыңдалып, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық талаптарды орындау, сондай-ақ азаматтармен қарым-қатынас мәдениеті мен ашықтық қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, азаматтардың тарапынан қойылған сұрақтарға қолданыстағы заңнама аясында толық әрі нақты жауаптар беріліп, тиісті құқықтық түсіндірмелер ұсынылды. Қабылдау барысында көтерілген мәселелер назарға алынып, олардың шешілу жолдары бойынша тиісті ұсыныстар мен кеңестер берілді.
Азаматтарды қабылдау мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге, қоғаммен кері байланысты нығайтуға және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған.