Басқарма басшысы ұжымның әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Басқарма басшысы ұжымның әйелдерін 8 наурыз мерекесімен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы ұжымның әйел қызметкерлерін көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады.

Мерекелік жиын барысында басқарма басшысы әйелдер қауымының қоғамдағы және қызметтегі ерекше рөлін атап өтіп, олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы мекеме жұмысының нәтижелі болуына зор үлес қосып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар, ұжымдағы әйелдердің іскерлігімен қатар, адамгершілігі мен мейірімділігі жұмыс ортасына ерекше жылылық пен үйлесім сыйлайтынын атап өтті.

Өз сөзінде ол әйел қызметкерлерге атқарып жүрген адал еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық, отбасыларына амандық, бақыт пен береке, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Мереке аясында бірқатар қызметкерлерге алғыс хаттар табысталып, естелік сыйлықтар ұсынылды.

Іс-шара жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл күйге толы мерекелік атмосферада өтті.