
Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының бұйрығына сәйкес 2026 жылғы 10 ақпаннан бастап Сүйіндіков Бақыт Үшкемпірұлы Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары – директордың міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалды.
Бақыт Үшкемпірұлы 1987 жылы Жуалы ауданы дүниеге келген.
Білімі: Қаржы-құқықтық колледжінде «Есеп және аудит» мамандығын тәмамдаған. Сондай-ақ Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (Шымкент қаласы) «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ветеринария мамандығын бітірген.
Еңбек жолы:
2012–2014 жылдары Жуалы ауданы Нұрлыкент ауылдық округі әкімі аппаратында оператор;
2014–2020 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі ШЖҚ КМК-де бас маман;
2021–2025 жылдары «Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Жамбыл облысының ветеринариялық станциясы» ШЖҚ КМК Жуалы ауданының ветеринария бөлімінің басшысы;
2025 жылдың маусым айынан 2026 жылдың 10 ақпанына дейін аталған кәсіпорын директорының орынбасары қызметін уақытша атқарды.
Отбасылы, 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.