Жигули Дайрабаев Жамбыл облысында: Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары өтті

Жигули Дайрабаев Жамбыл облысында: Конституциялық реформаларды түсіндіру жұмыстары өтті

Өткен аптаның аяғында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы аумағына жұмыс сапарымен келіп, ауыл тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізді. Сапардың негізгі мақсаты – конституциялық реформалардың мазмұнын халыққа кеңінен түсіндіру және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.

Жұмыс сапары аясында депутат 19 ақпанда Меркі ауданы, ал 20 ақпанда Шу ауданы ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, жаңа реформалардың заң үстемдігін нығайтудағы, мемлекеттік басқару тиімділігін арттырудағы және азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызын жан-жақты түсіндірді.

Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әділетті мемлекет құру жолындағы конституциялық өзгерістердің рөлі кеңінен талқыланды. Тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, нақты ұсыныстар айтылды.

Жалпы, барлық кездесулер ашық әрі конструктивті диалог форматында өтті. Қатысушылар конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтіп, елдің тұрақты дамуы мен мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған бастамаларға қолдау білдірді.

Айта кету керек, ветеринария басқармасының мамандары халық қалаулысымен бірге болып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын ауқымды әрі маңызды өзгерістерге қатысты түсіндіру жұмыстарына белсенді түрде атсалысты.