ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

2025 жылғы 17 шілдедегі №213-VIII ҚРЗ Заңымен Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап күшіне енді.

Сонымен қатар, облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы Н.Кәлендеровтің 2026 жылғы 11 ақпандағы «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы Жамбыл облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы №29-3 шешімін іске асыру туралы Жамбыл облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №260 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» №20 қаулысына сәйкес қаңғыбас жануарларды аулау және күтіп-ұстау бойынша құзыреттер және қаржыландыру қайта бөлінді.

Осыған байланысты аталған функциялар Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы құзыретінен алынып, Тараз қаласы мен аудандық әкімдіктердің құзыретіне берілді.

 

Аталған өзгерістерді назарға алуларыңызды сұраймыз.