
Атаулы күнге байланысты қаладағы Дінмұхамед Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі ұйымдастырылды. Салтанатты шараға басқарма басшысының орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы, сондай-ақ әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Исаков Мират Нұрғалиұлы қатысты.
Гүл қою рәсімі ұлы тұлғаның рухына тағзым ету, оның ел игілігі жолындағы еңбегін дәріптеу және тарихи мұраны қастерлеу мақсатында өтті. Мұндай тағылымды шаралар өскелең ұрпақтың отансүйгіштік рухын нығайтып, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталған.