
Жеке қабылдау барысында ветеринария саласына қатысты және қоғам үшін маңызды бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларын сырғалау жұмыстарының маңыздылығы, оларды дер кезінде тіркеу мен есепке алу мал ауруларының алдын алуда және ветеринариялық бақылауды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратыны атап өтілді.
Сонымен қатар, адам мен жануар денсаулығын сақтау – ортақ жауапкершілік екені айтылып, бұл бағытта ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтау, профилактикалық іс-шараларды уақытылы орындау және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі сөз болды.
Қабылдау барысында азаматтар көтерген сұрақтарға заңнама талаптарына сәйкес нақты жауаптар беріліп, саланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар жүктелді.