Т.Рысқұлов ауданында жаңа типтік ветеринариялық пункт пайдалануға берілді

Т.Рысқұлов ауданында жаңа типтік ветеринариялық пункт пайдалануға берілді

Бүгін Т.Рысқұлов ауданына қарасты Қорағаты ауылдық округінде жаңа типтік үлгідегі ветеринариялық пункттің салтанатты ашылу рәсімі өтіп, нысан ел игілігіне пайдалануға берілді.

 Аталған іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Еспенов Ерғазы Жұмабекұлы қатысып, лентасын қиып, тұрғындарды және сала мамандарын маңызды нысанның ашылуымен құттықтады. Өз сөзінде ол жаңа ветеринариялық пункттің ауылдағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, мал шаруашылығын дамытуға және халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

 Салтанатты шараға сондай-ақ Қорағаты ауылдық округінің әкімі, ауыл ардагерлері, Т.Рысқұлов аудандық ветеринариялық ұйымының басшысы Әшімбеков Ғабиден Бақбергенұлы, сондай-ақ ветеринариялық сала мамандары мен ауыл тұрғындары қатысты.

 Жаңа типтік ветеринариялық пункт заманауи талаптарға сай жабдықталып, ветеринариялық іс-шараларды тиімді әрі сапалы жүргізуге толық мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде мал ауруларының алдын алуға, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтауға және ауыл тұрғындарына көрсетілетін ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

 Айта кету керек, бұл игі бастама Мемлекет басшысының реформалары аясында, облыс әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Алдағы жылы да облыстың өзге аудандарында дәл осындай типтік үлгідегі ветеринариялық пункттердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек.