Әдеп пен қызмет сапасын күшейтуге арналған жиналыс өтті

Әдеп пен қызмет сапасын күшейтуге арналған жиналыс өтті

Басқарма басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлының төрағалығымен кезекті қызметтік жиналыс өтті. Отырысқа барлық қызметкерлер қатысты.

 Жиында Әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыттарындағы заң талаптары түсіндірілді. Ұжымда әдеп сақтау, азаматтармен қарым-қатынасты жақсарту, кемсітушілікке жол бермеу, әйелдердің еңбек құқықтарын қорғау және құмар ойындарға шектеу қою міндеттері нақтыланды.

 Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытында қарау, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау және «Документолог» жүйесіндегі құжаттарды сапалы орындау тапсырылды.

 Жиналыс соңында басқарма басшысы барлық бағыттағы жұмыстардың тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.