
«Аманат» республикалық біліктілікті арттыру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік» курсы бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының бірқатар қызметкерлері оқу бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификаттар мен куәліктерге ие болды. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығына сәйкес жүргізілді.
Аталған курс барысында қатысушылар еңбек қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау талаптары, сондай-ақ төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жөнінде теориялық және практикалық білімдерін жетілдірді.
Салтанатты марапаттау рәсімінде басқарма басшысы сертификаттар мен куәліктерді қызметкерлерге жеке өзі табыстап, бұл оқудың ұжым үшін маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол алған білім мен тәжірибе күнделікті қызмет барысында тиімді қолданылып, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге нақты үлес қосатынына сенім білдірді.