Басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Басқарма басшысы азаматтарды жеке қабылдады

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында басқарма басшысының азаматтарды жеке қабылдауы өтті. Кездесу барысында тұрғындар ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік, үй және ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу, жұқпалы аурулардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне қатысты өз сауалдарын жолдады.

Әрбір өтініш жеке қаралып, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді. Бірқатар мәселелерді шешу бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Басқарма басшысы тұрғындармен ашық форматтағы қабылдауларды тұрақты түрде өткізу азаматтардың талап-тілектерін дер кезінде естуге және сала жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.