
Басқарма басшысының төрағалығымен ведомстволық бағыныстағы ветеринариялық ұйым басшыларының қатысуымен кезекті жұмыс жиналысы өтті. Жиында аудандардың жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен аудандар бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы жан-жақты талқыланды.
Есептік мәліметтерге сәйкес, бірқатар аудандарда ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы, эпизоотиялық алдын алу жұмыстары және қаржы қаражатын тиімді игеру деңгейі қаралды. Басқарма басшысы жоспарланған жұмыстардың уақытылы әрі толық орындалуының маңыздылығын атап өтті.
Отырыста кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі де көтерілді. Желтоқсан айында арнайы құзырлы органда (бұдан әрі – МҚІжА) өтетін кәсіби оқытуға облыс аудандары мен Тараз қаласынан 25 ветеринария маманы жолданатыны хабарланды. Бұл шара қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және ветеринариялық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған.
Сонымен қатар, жиналыс тәртібіне қатысты ішкі талаптарды қатаң сақтау мәселесі айтылды. Алдағы уақытта басқарма басшысының қатысуымен өтетін отырыстарға қатысушылар ұялы телефондарын сөндіріп, сыртта қалдыруы қажет екені ескертілді.
Жиын қорытындысында басқарма басшысы нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.