Мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптары түсіндірілді

Мемлекеттік қызметтегі әдеп талаптары түсіндірілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл Исаков Мират басқарма қызметкерлері арасында қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында ол мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде көзделген негізгі талаптарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы міндеттер мен шараларды жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар, қызметтік тәртіпті күшейту, еңбек мәдениетін арттыру және азаматтармен, әріптестермен қарым-қатынаста жоғары деңгейдегі этиканы сақтау мәселелері талқыланды. Исаков Мират нақты мысалдар келтіре отырып, қызметкерлерге практикалық ұсыныстар берді.
Әдеп жөніндегі уәкіл барлық мамандарды өз міндеттерін адал орындауға, ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстануға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға үлес қосуға шақырды.
Қорытындысында ол қойылған талаптарды мүлтіксіз орындаудың басқарма жұмысының тиімділігін арттыруға және жалпы мемлекеттік қызметке деген қоғам сенімін нығайтуға ықпал ететінін ерекше атап өтті.