Мемлекеттік қызметшінің антын қабылдау рәсімі өтті

Мемлекеттік қызметшінің антын қабылдау рәсімі өтті

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасында маңызды рәсім өтті – әріптесіміз мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады. Бұл – азаматтың өз кәсіби қызметін адал атқаруға, мемлекет пен халық мүддесіне қалтқысыз қызмет етуге деген жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам.

Ант қабылдау рәсіміне басқарма басшысы мен қызметкерлер қатысты. Салтанатты жағдайда әріптесіміз Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзіне жүктелген міндеттерді адал орындауға, мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға ант берді.

Басқарма басшысы жаңа мемлекеттік қызметшіні құттықтап, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстанудың, халық сенімін ақтаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіби біліктілік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында табыс тіледі.

Мемлекеттік қызметшінің анты – бұл тек формалды рәсім емес, қоғам мен мемлекет алдындағы үлкен жауапкершіліктің символы. Әріптесімізге жаңа қызметінде сәттілік пен абырой тілейміз!