Кезекті жеке қабылдау өтті.

Кезекті жеке қабылдау өтті.

Жеке қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандыратын бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көшелерде қаңғыбас иттердің көбеюі, олардың адам өмірі мен қауіпсіздігіне төндіретін қауіп-қатері, облыс аумағындағы өлекселер тасталатын арнайы шұңқырлардың жағдайы мен санитарлық талаптарға сәйкестігі жайлы айтылды.

Сонымен қатар, азаматтар тарапынан сырттан тасымалданатын малды бақылау, олардың ветеринариялық құжаттарының дұрыстығы, сондай-ақ мал сою алаңдарының қызметін тұрақты тексеру қажеттілігі жөнінде ұсыныстар талқыланды.

Басқарма басшысы әрбір мәселе бойынша тиісті түсініктемелер беріп, көтерілген сұрақтардың шешімін табу үшін қажетті шаралар қабылданатынын атап өтті.