Ветеринария саласы қызметкерлері облыс әкімінің марапатына ие болды

Ветеринария саласы қызметкерлері облыс әкімінің марапатына ие болды

Ветеринария басқармасында 25 қазан – Республика күні мерекесіне арналған кезекті салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында ветеринария саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар қызметкерлер облыс әкімі атынан Алғыс хатпен, Құрмет грамотасымен, сондай-ақ «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Марапаттарды басқарма басшысы Бақыт Аязұлы Бетбаев салтанатты түрде табыстап, қызметкерлерге облыс әкімінің атынан алғысын білдірді. Ол өз сөзінде ветеринария саласы мамандарының елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және мал шаруашылығын дамытудағы еңбегі зор екенін атап өтті.

– «Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – халықтың денсаулығы мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының кепілі. Баршаңызды Республика күнімен және лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймын!», – деді басқарма басшысы.