Меркі ауданындағы мал базары мен шаруашылықтағы эпизоотиялық жағдай зерделенді

Меркі ауданындағы мал базары мен шаруашылықтағы эпизоотиялық жағдай зерделенді

Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Аязұлы Бетбаев пен ведомстволық бағынысты ұйымның директоры Серік Съезбекұлы Бердыбаев ағымдағы жылдың 16 қазанында Меркі ауданындағы «Атабек» атындағы орталық мал базарының жұмысымен және ондағы эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығымен танысты.

Іссапар барысында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдеде қабылданған Заңына сәйкес, жануарлардың ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу бағытында атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың барысы қаралды.

Сонымен қатар «Берікқара» шаруа қожалығында келісімшарт негізінде жүргізіліп жатқан дезинфекциялау жұмыстарының барысы зерделеніп, олардың тиімділігіне назар аударылды.

Басқарма басшысы Бақыт Бетбаев жануарлардың саулығы мен адам денсаулығын сақтау мақсатында дезинфекциялау шараларын жүйелі түрде әрі үздіксіз жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Ол сондай-ақ мұндай жұмыстардың алдағы уақытта өзге аудандарда да жалғасын табатынын айтты.