Басқармада мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау және әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғаның кандидатурасын қарастыру мәселесіне арналған жиын өтті. Іс-шараға басқарма басшысының орынбасары Көкей Олжас Тұрғынұлы төрағалық етті.
Күн тәртібі бойынша кәсіподақ ұйымының төрайымы Боранбаева Салтанат Тленшіқызы сөз алып, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, қызметтік қарым-қатынаста әдептілік пен жауапкершілікті арттырудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, ұжым қызметкерлері де өз пікірлерін білдіріп, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік және этикалық қағидаларын үнемі сақтаудың қажеттілігіне назар аударды.
Жиын барысында басқарманың әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Исаков Мират Нұрғалиұлын басқарманың әдеп жөніндегі уәкілі ретінде тағайындау туралы ұсыныс білдірілді.
Қорытындысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтау бағытында түсіндіру және насихаттау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу тапсырылды.