Қызыл абад аумағында тал егу іс-шарасы өткізілді

Қызыл абад аумағында тал егу іс-шарасы өткізілді

Өткен сенбіде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында құзырлы органның ұйымдастыруымен «Қызыл абад» алқабында тал егу бойынша сенбілік өткізілді. Іс-шараға басқарма ұжымы мен Жамбыл облыстық ветеринариялық станциясының мамандары белсенді түрде қатысып, табиғатты қорғау мен көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Сенбілік барысында қатысушылар аумақты тазалап, бірнеше түп ағаш отырғызды. Мұндай экологиялық шаралар қоршаған ортаны жақсартуға, жасыл желекті көбейтуге және ел азаматтарының экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған.