Бүгін басқарма басшысының төрағалығымен ұжым қызметкерлері арасында «Адалдық пен әділдік — жемқорлыққа қарсы басты қару» тақырыбында жиын өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты — қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау және еңбек тәртібін сақтау мәселелеріне назар аудару болды.
Жиын барысында Әкімшілік, ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Исаков Мират Нұрғалиұлы аталған тақырып аясында кең көлемде баяндама жасап, сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекеттік қызметке тигізетін кері әсерлерін жан-жақты түсіндірді. Ол мемлекеттік қызметкерлердің басты міндеті — азаматтарға сапалы және ашық қызмет көрсету екенін атап өтіп, әріптестерді күнделікті функционалдық қызметтерін орындау кезіндезаңдылықты сақтау, әділ шешім қабылдау және адалдық қағидаттарын ұстану қажеттігін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, жиында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, және ішкі бақылау тетіктерін күшейту мәселелері талқыланды. Қатысушыларға нақты мысалдар келтіріліп, жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
Іс-шара соңында басқарма басшысы ұжым мүшелерін адалдық пен әділдік құндылықтарын күнделікті қызметте берік ұстануға және қоғам сенімін арттыруға үлес қосуға шақырды.