Азаматтарды жеке қабылдау іс-шарасы өтті

Азаматтарды жеке қабылдау іс-шарасы өтті

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бақыт Аязұлы Бетбаевтың азаматтарды жеке қабылдау іс-шарасы өтті. Қабылдауға өңірдің түрлі елді мекендерінен келген азаматтар қатысып, өздерін толғандырған ветеринария саласына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларының алдын алу, ветеринариялық қызметтердің сапасын арттыру, ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағыттарында ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Сонымен қатар, ветеринария саласына жұмысқа орналасу жөніндегі мәселелер де кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, салаға жас мамандарды тарту, олардың кәсіби тәжірибе жинақтауына жағдай жасау, бос жұмыс орындарына орналастыру тетіктерін жетілдіру және еңбек нарығындағы өзекті қажеттіліктер туралы сөз болды.

Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары мұқият тыңдалып, көтерілген сұрақтардың әрқайсысы бойынша жауаптар берілді. Басқарма басшысы айтылған ұсыныстарды назарға алып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді. Кейбір мәселелер сол сәтте шешімін тапса, қалған сұрақтар бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және бақылауға алу жөнінде шешімдер қабылданды.

Іс-шара ашық және конструктивті форматта өтіп, азаматтармен тиімді кері байланыс орнатылды. Мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отыратын болады.