Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде ұжымымыздың ардақты қызметкері Егембердиев Қадырхан Садықұлы 63 жасқа толып, зейнеткерлік жасқа жетті. Осыған орай, ұжым Қадырхан Садықұлын салтанатты түрде құрметпен шығарып салу рәсімін ұйымдастырды.
Іс-шара барысында ардақты әріптесімізге ұлттық дәстүрге сай шапан жабылып, естелік сый-сияпаттар табысталды. Басқарма басшылығы мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі мен қызметтегі жауапкершілігі үшін шынайы алғыстарын жеткізді.
Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымы тарапынан Қадырхан Садықұлына «3-дәрежелі Еңбек даңқы» төсбелгісі табысталып, ізгі тілектер жолданды.
Айта кету керек, Қадырхан Садықұлы 2020 жылдан бері Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында «Күзетші» лауазымында еңбек етіп келді. Осы уақыт аралығында ол өзін ұжымда абыройлы, еңбекқор және жауапкершілігі жоғары қызметкер ретінде көрсете білді. Әріптестері арасында үлкен сый-құрметке ие болып, жастарға әрдайым ақылшы әрі сенімді дос бола білді.
Отбасылы. 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген ардақты әке, бүгінде 8 немеренің асыл атасы.