Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде басқарма басшысы Бақыт Бетбаевтың төрағалығымен ветеринария саласына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған жұмыс жиыны өтті. Жиынға облыстық ветеринариялық станциясының басшысы, сондай-ақ қала және аудандардағы ветеринариялық бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында облысымыздағы ветеринариялық ахуал, жұқпалы және паразиттік аурулардың таралуын болдырмау, алдын алу шараларын жетілдіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жоспарының орындалуы, сондай-ақ ветеринар мамандарды қыстық арнайы киіммен және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері де сөз болды.
Қатысушылар ветеринария саласын дамытуға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар енгізіп, оларды іске асырудың тетіктерін талқылады.