Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлының бұйрығына сәйкес, осы басқарманың әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып Исақов Мират Нұрғалиұлы тағайындалды.
Мират Нұрғалиұлы 1991 жылы 6 маусымда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2013 жылы Жамбыл Гуманитарлық Техникалық Университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және 2017 жылы Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы:
2014-2015 жылдары.
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының Ақпарат және талдау орталығында«Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты» болып бастаған.
2016-2017 жылдары.
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің - «Құқықтық мәселелері жөніндегі инспектор-статисты»;
2017 жылы.
Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің - «Жалпы сектордың бас маман-заңгері»;
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы Тараз-Туризм туристік ақпараттық орталығының - «Заң және кадр мәселелері жөніндегі бөлім басшысы»;
2018 жылы.
Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының - «Персоналды басқару қызметінің бас маманы»;
2018-2020жылдары.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының - «Кадрлық жұмыс және заңгерлік сүйемелдеу бөлімінің басшысы»,және осы басқарманың «Ұйымдастыру жұмысы және заңгерлік сүйемелдеу бөлімінің басшысы»;
2020-2023жылдары.
Тараз-Автоснаб ЖШС-нің – «Директордың әкімшілік және құқықтық мәселелері жөніндегі орынбасары»;
2023-2024 жылдары.
Қазақстан Халық Партиясы Қоғамдық Бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының - «Төрағасының орынбасары»;
2025 жылдыңақпанынан бастап қыркүйегіне дейін.
ҚР Ұлттық Экономика Министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің - «Заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы»;
2025 жылдың қыркүйегінен бастап, Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының «Әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы» лауазымына тағайындалды.