30 тамыз-Конституция күні мерекесі қарсаңында басқарма басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы ұжым қызметкерлерін жинап айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, адал еңбегімен, кәсіби біліктілігімен және өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын бірқатар ұжым қызметкерлеріне алғыс білдіріп, арнайы марапаттарды табыстады.
-«Құрметті әріптестер! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын! Конституция-біздің мемлекеттілігіміздің негізі, демократияның құқықтық тірегі және әр адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Осы қуанышты күні сіздерге бейбітшілік, тұрақтылық, ертеңгі күнге сенімділік, амандық, сондай-ақ отан игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін»-деді, басқарма басшысы Б.Бетбаев.