Тапсырмалар орындалуда

Тапсырмалар орындалуда

Мемлекет басшысының реформасы аясында өңір басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының үйлестіруімен жыл басынан бері Тараз қаласының және аудандардағы ветеринариялық бөлімдерге жергілікті жерлерде ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау үшін тиісті жағдай жасалуда. Мәселен, биыл облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, осы ведомстволық бағынысты ұйымдарға 50 (елу) «Нива» қызметтік автокөліктер, 160 (жүз алпыс) термочемодандар және 1100 (мың бір жүз) арнайы жаздық киімдер мен етіктер, сондай-ақ тағы басқа да құрал-жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және вакцина салу жөніндегі іс-шаралар тиісінше орындалуы үшін қажетті сырғалар мен дәрі-дәрмектер ветеринария басқармасының тарапынан уақытылы берілуде.

Мұның бәрі ветеринариялық бөлімдердің қызметкерлері үшін ветеринарлық іс-шараларды тиімді атқаруына оң септігін береді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін ветеринариялық ұйымдарға қосымша тағы 50 (елу) «Нива» автокөлігі мен арнайы қыстық киімдер берілетін болады.