Эпизоотиялық жағдай тұрақты

Эпизоотиялық жағдай тұрақты

Ветеринария басқармасы және облыстық ветеринариялық станциясы тарапынан малды зоотехникалық нормаларға сәйкес азықтандыру, күтіп-ұстау, мал қораларын залалсыздандыру туралы түсіндірме жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Облыс аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар өз деңгейінде орындалуда. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ағымдағы жылы жануарлар арасында жануарлардың аса қауіпті аурулары, оның ішінде сібір жарасы ауруы тіркелген жоқ.

Осы және басқа да өзекті мәселелерді талқылау үшін басқарма басшысының төрағалығымен ветеринариялық ұйым басшыларының қатысуымен жиналыс өтті.

Жиын барысында ветеринариялық ұйым басшылары атқарылған жұмыстарды Бақыт Аязұлына қысқаша баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, биыл облыстық бюджеттен қомақты қаражат бөлініп, аудандардағы құрылған ветеринариялық кәсіпорындардың материалдық-техникалық қажеттілігін жақсарту мақсатында облыс аумағындағы 160 ветеринариялық пункттер 50 дана «Нива» автокөліктерімен, ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге және мал емдеуге қажетті 160 термочемодандармен толық қамтамасыз етілді. Бұдан бөлек, малдәрігерлерінің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында типтік үлгідеге ветеринариялық пункттермен және қызметтік ғимараттармен, сондай-ақ қажетті құрал-жабдықтармен және арнайы киімдермен қамтамасыз етілуде. Биылғы жылға 40 ветеринариялық пункт ғимаратының құрылысын жүргізу жоспарланып, 20-ның құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы толық қамтамасыз етілуі күтілуде. Біздің міндет ветеринария саласындағы жұмысты одан әрі жетілдіру және жандандыру үшін бар күшімізді салуымыз қажет»-деді Бақыт Бетбаев.