Ведомство басшысы Бетбаев Бақыт Аязұлы және облыс әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бөлімінің басшысы Терлікбаев Әлібек Мамытжанұлы ағымдағы жылдың өткен жұмасында облыс аумағында қарқынды салынып жатқан кейбір ветеринариялық нысандарды (ветеринариялық пункттің, мал емдейтін алаңшаның және мал тоғытпасының) аралап, құрылыс барысымен танысты. Айта кетсек, бүгінгі таңға жоспарға сәйкес 40 ветеринариялық пункттің 20-сы аяқталуға жақын.