БАҚ өкілдері марапатталды

БАҚ өкілдері марапатталды

28 маусым - елімізде бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің, сонымен бірге байланыс саласы мамандарының кәсіби мерекесі.

Бүгінгі күні еліміздің  бұқаралық ақпарат құралдары  азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келеді.

Атаулы күнге орай мекеме басшысы облыстың бірқатар журналистерін, БАҚ саласында жұмыс істейтін қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, БАҚ-да ветеринария саласының тыныс-тіршілігін белсенді және тұрақты түрде жариялағаны үшін, сондай-ақ агро саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.