
Жыл сайын қараша айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» қарсаңында биыл да мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылмақ.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 21 қарашасы күні Тараз қаласындағы «Достық лайф» стадионында ветеринария саласы қызметкерлері арасында облыстық спартакиада өтеді.
Жарыс ережесіне сәйкес қатысушылар армрестлинг, арқан тарту және кіші футбол сияқты спорт түрлері бойынша өзара бақ сынайды.
Бұл шараның басты мақсаты – ветеринария саласы қызметкерлері арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй сыйлау.