Құрметті Ұзынағаш ауылдық округінің тұрғындары!
Ұзынағаш ауылдық округі әкімдігі үй жануарларын, әсіресе иттерді ұстау және серуендету ережелерін қатаң сақтау қажеттілігіне назар аудартады.
Қазақстан Республикасының "Жануарларды қорғау туралы" Заңы және үй жануарларын ұстау ережелеріне сәйкес, иттерді еркін серуендетуге тыйым салынады. Иттердің қараусыз көшеде жүруі тұрғындарға, әсіресе балаларға, қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
Ит иелері міндетті:
Иттерін тек қарғыбаумен, қажет болған жағдайда тұмылдырықпен серуендетуге.
Қоршаған ортаға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге.
Иттерді жеке меншік аумақтан тыс еркін шығуға жол бермейтін жағдайда ұстауға.
Осы талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Көшеде қараусыз жүрген иттер анықталған жағдайда, олардың иелері жауапкершілікке тартылады.
Осы өтінішке түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз және үй жануарларын ұстау мен серуендетудің белгіленген ережелерін сақтауға шақырамыз!!!