Облыстық маңызы бар "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент" автомобиль жолының 80-83 шақырым аралығын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары басталды.

Облыстық маңызы бар "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент" автомобиль жолының 80-83 шақырым аралығын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары басталды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында мердігер «ТаразКөлікЖолы» ЖШС тарапынан Талас ауданында облыстық маңызы бар «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» автомобиль жолының 80-83 шақырым аралығын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Дәлірек айтсақ, аталған автожол бөлігінде жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары жүргізілуде. Келісім-шартқа сәйкес нысанды пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың шілде айында белгіленген. Дегенмен, жұмыстарды мамыр айында толық аяқтап, нысанды мерзімінен бұрын пайдалануға беру көзделіп отыр.