Ұлттық мереке «Республика күні»

Ұлттық мереке «Республика күні»

Қазақстан Республикасының «Республика күні» биыл екінші жыл ұлттық мереке ретінде тойланып отыр.

 Бұл мерекені қысқаша тарихына тоқаталып кететін болсақ, Республика күнінің тарихы сонау тоқсаныншы жылдардан басталады, 1990 жылдың қазан айының 25-і күні Қазақ Кеңестік Социалистік Республкасының Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Каз КСР-нің мемлекеттік егенмендігі туралы декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздігіне жол ашқан маңызды құжат болып табылады. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл декларацияның қабылдауымен егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, Мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардың дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. Алғаш рет ел аумағының тұтастығы қазақ халқының және басқа да ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін қайта түлету, ұлттық болмысын қалыптастыру және нығайту сияқты мемлекеттік қағидаттар бекіді. Қазақстанның егемендігі және территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектенді. Осы акт арқылы КазКСР өз ішкі әкерін, мемлекеттік қауіпсіздігі пен ішкі істер органдарын, сот билігін құру құқығына ие болды. Бұл акт арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет - Қазақстан Республикасының негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп, ұлттық мереке ретінде тойланады.

 Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін 1991 жылдан бастап бұл мереке жыл сайын 25 қазанда аталып өтіле бастады. 1995 жылы 18 қазанда алғаш рет «Ұлттық мереке» болып жарияланды. Алайда 2001 жылы бұл мәртебеден айырылып, мемлекеттік мереке санатына өтті. Ал 2009 жылы сәуірде мерекелер қатарынан мүлде алынып тасталды. Осылайша 10 жылдан астап уақыт Республика күні тойланған жоқ.

Былтыр, яғни 2022 жылы Республика күнініне мереке мәртебесі қайта беріліп, биыл екінші жыл Ұлттық мереке ретінде аталып өтілуде.

Қазақстан халқын келше жатқан ұлттық мереке «Республика күнімен» құттықтаймыз!