2022 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген мәжіліс отырысы

2022 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2023 жылға арналған жоспарлар бойынша кеңейтілген мәжіліс отырысы

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайхановтың төрағалығымен облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2022 жылғы атқарған жұмыстары мен 2023 жылға арналған жоспарлары бойынша кеңейтілген мәжіліс отырысы өтті.

«Халықаралық Әулие-Ата әуежайы», «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалы», Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы және «Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығы» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының басшылары және басқарма қызметкерлерінің қатысуымен өткен кеңесте салаға қатысты мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.

Жиын соңында Ерболат Мақсұтханұлы басқарма, аталған ұйым басшылары мен аудан әкімдіктеріне ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды қатаң бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті тапсырмалар берді.