Таразда тестілеуден кейін"Сергек" жүйесі іске қосылды

Таразда тестілеуден кейін"Сергек" жүйесі іске қосылды

Жамбыл облысының Полиция департаменті тесттiк режимнiң аяқталуына байланысты 2023 жылдың 16 қаңтарынан бастап облыс орталығында "Сергек" жол қауіпсіздігі жүйесі іске қосылғанын хабарлайды.

48 аппараттық-бағдарламалық кешен (35 - желілік учаскелерде және 13-қиылыстарда) қаланың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Жүйе жылдамдық режимінен асып кету, бағдаршамның тыйым салу сигналына өту, жол белгілерiн сақтамау (аялдама сызығына соғылу, қиылыстың алдында дұрыс орын ауыстырмау, тыйым салынған жерде тоқтау) сияқты жол ережесінің бұзылуыларын тіркейді.

Жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеу автоматты режимде жүргізіледі және полиция қызметкері тексергеннен кейін құқық бұзушыға жіберіледі. Барлық бұзушылықтар ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әкімшілік іс жүргізулерінің бірыңғай тізілімінде автоматты түрде тіркеледі.

Хаттамалары электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен erap-public.kgp.kz және egov.kz сайттарынан, сондай-ақ Каспий банкінің мобильді қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінде жүктеуге болады.

Аппараттық-бағдарламалық кешендерде тіркелген құқық бұзушылықтармен келіспеген жағдайда Жамбыл облысының Полиция департаментіне хабарласуға немесе нұсқамада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалуға болады.