Жамбыл облысының облыстық маңызы бар автожолдарында жазғы уақытта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына күндізгі шектеу енгізілді

Жамбыл облысының облыстық маңызы бар автожолдарында жазғы уақытта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына күндізгі шектеу енгізілді

Жамбыл облысының облыстық маңызы бар автожолдарында жазғы уақытта ауыр жүк көліктерінің қозғалысына күндізгі шектеу енгізілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 30.05.2022 жылғы №28-Ө бұйрығына сәйкес, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автожолдарда ауа температурасы 250С-тан жоғары болған кезде бір білікке жүктемесі 8 тоннадан жоғары автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу енгізіледі.
Шектеу халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын, төтенше жағдайды жоюмен айналысатын, тез бұзылатын тауарды, жолаушылар мен багажды немесе қауіпті жүктерді тасымалдайтын көліктерге қолданылмайды. Сондай-ақ, жол құрылысында жұмыс істейтін көліктер күндіз жүре алады.