ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Ағымдағы жылы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тапсырыс беруші болып табылатын нысандарға жалпы республикалық және облыстық бюджеттерден 4,5 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде, 1,7 млрд.теңге – республикалық, 2,8 теңге – облыстық бюджеттерден.

        Бөлінген қаржының 1,2 млрд.теңгесі 2021 жылдан өтпелі 7 орта жөндеу нысандарын /54,3 шқ/ аяқтауға бағытталса, 2,6 млрд.теңгеге жаңа 7 нысанда 95 шқ. облыстық маңызы бар жолдарды орта жөндеу, 650,0 млн.теңгеге жолдарды күтіп ұстау және ЖСҚ әзірлеу жұмыстары атқарылатын болады. Сондай-ақ, 50,0 млн.теңге «Жол активтерінің Сапа орталығы»-ның зертханалық сараптамаларына жұмсалмақ.

        Бүгінгі таңда, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасына автожолдарды орта жөндеу бойынша жаңа 7 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары мен техникалық қадағалау қызметтеріне және күтіп ұстау жұмыстары бойынша сатып алу рәсімдерін ұйымдастыруға өтінім беріліп, бұл рәсімдер аяқталу сатысында.

        Қазіргі таңда, ауа-райының қолайлы болуына байланысты жол жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын басталды. Осы орайда, мердігер «Тараз-КөлікЖолы» ЖШС-гі тарапынан Талас ауданында орналасқан 2021 жылдан өтпелі облыстық маңызы бар «Ақкөл-Ойық-Ұланбел» автомобиль жолының 56-80 шақырымдарын орта жөндеу нысаны бойынша жол-жөндеу жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға қабылдау рәсімдерін жүргізу сатысында болса, аталған автожолдың 20-40 шақырымдарын орта жөндеу нысанында жол негізін суық ресайклер технологиясын қолдану арқылы салу жұмыстары жүргізілуде.         Нысандағы жұмыстарды сәуір айында толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

        Алдағы сәуір-мамыр айларында жаңа анықталған мердігер ұйымдармен өнідістік-жұмыстарды жүргізу кесетелерін бекіте отырып, жол-жөндеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.