Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте автомобиль жолдарын дамыту мәселелері сараланды.

2021 жылы жыл басынан жол саласына барлық бюджет көздерінен жалпы  5,6 млрд. теңге бөлінген. Оның ішінде, 1,9 млрд.теңге – республикалық, 1,8 млрд.теңге – облыстық, 1,9 млрд.теңге аудандық бюджеттерден.

            Бөлінген қаржының 809,9 млн.теңгесіне 3,6 шақырым жолдың құрылысына /2019 жылдан өтпелі «Тараз қаласын Қырғызстан шекарасына оңтүстіктен айналма» автожолының құрылысын аяқтауға/ бағытталса, 3,9 млрд.теңгеге 116,9 шақырым жолды орта жөндеу /70 шқ. облыстық маңызы бар жолдар - «Нұрлы жол»; 46,9 шақырым елді мекен көшелері – аудандық бюджеттер/, 911,3 млн.теңгеге /585 млн.тг – облыстық; 326,3 млн.тг. – аудандық/ жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын атқару көзделген.

А.ж. наурыз-сәуір айларында жол жөндеу жұмыстарына мердігерлер анықталып, келісім-шарттарға сәйкес, жол-жөндеу жұмыстары басталып, қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатар, өңір басшысы – Б.Сапарбаев автожолдарды сақтап қалу мақсатында, жергілікті автомобиль жолдарына Жамбыл облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен артық салмақты ауыр жүк көліктерінің қозғалысына бақылау жұмыстарын жиі ұйымдастыру және «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» жұмыстарына аудан әкімдіктерінің тығыз жұмыс жүргізу жөнінде тапсырма берді.