COVID-19 қарсы вакцинация

COVID-19 қарсы вакцинация

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»  кодекстің 77-бабына сәйкес, кез келген медициналық ем-шара, оның ішінде вакцина салу тек адамның келісімімен ғана жүзеге асады. Вакцинадан бас тартқандар әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Екпе егердің алдында арнайы параққа қол қою арқылы вакцинадан бас тартуға немесе салдыруға келісім беруге болады.

Коронавирустық инфекцияның таралу қаупі азайту мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды.

Вакцина салдырған адам вирус жұқтырмағанымен оны тасымалдаушы болуы әбден мүмкін. Сондықтан екпеден кейін де карантин шараларын сақтауға шақырамыз.