Жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда

Жол жөндеу жұмыстарының сапасы басты назарда.
Автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды.
Сонымен қатар, сапа «Жол активтерінің Сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен тұрақты тексеріліп отырылады.
Бұл тұрғыда, үстіміздегі жылдың 15 маусымында Сарысу және Талас аудандарындағы облыстық маңызы бар «Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент» 56-66 шқ., 127-149 шқ. және «Ақкөл-Қойгелді» 0-28 шқ. аралықтарындағы автожолдарда атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын, жол жамылғысының қалыңдығын, қолданып жатқан материалдардың жобаға сәйкестігін тесеру мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «Жол активтерінің Сапа орталығы» және «Жамбыл - адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобасының мамандарымен бірлесіп, бақылау жұмыстары жүргізілді.
Осы бағытта жұмыстар жалғасын тауып, Басқарманың тұрақты бақылауында болады.