Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау

Жамбыл облысындағы 1942 шқ облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстауға 12 мердігерлік ұйымдар тартылған.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аса қажетті жол телімдеріне, атап айтқанда, тау асулары мен өрлерге, қарқынды қозғалысты қиылыстарға, теміржол өтпелері мен аялдамаларға тайғақтыққа қарсы материалдарды шығару, қыс мерзімінде жағымсыз ауа-райы салдарынан автожолдарда төтенше жағдайларды болдырмау және жедел шаралар қабылдау мақсатында мердігер ұйымдармен қысқы күтіп ұстауға тапсырыс беруші және мердігер ұйымдар тарапынан тәулік бойы кезекшіліктікті ұйымдастыру шаралары қаралған.
Бүгінде, облыстың аудандарындағы соңғы күндері жауған қарды тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.