Заңсыз такси жүргізушілерін ұстау

Заңсыз такси жүргізушілерін ұстау

Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен 2020 жылғы күнделікті Жергілікті полиция қызметі, Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы, Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері және қоғам белсенділерімен бірігіп, облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдаушы заңсыз такси жүргізушілеріне және «Жансая» мөлтек ауданындағы «Ерк Ойл, автовокзал аумағындағы «Мәди» жанармау құю бекетіндегі және т.б. стихиялық тұрақ иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Соңғы 1 аптадағы рейдтік іс-шара барысында шамамен 30 бірлік автобустың құжаттары тексеріліп,15 автобусқа анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Хаттамалардың барлығы жолаушылар тасымалдау қағидаларын бұзу фактілері бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 571-бабының 2 бөлімі бойынша хаттамалар толтырылды.
Аталған іс-шараны орындау және жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында аталған іс-шаралар жыл соңына дейін «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының бойында және Тараз қаласының стихиялық тұрақтарында тұрақты негізде жүргізілуде.