Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы

 

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2026 жылғы 04 тамыз, жергілікті сағат 15.00 - де, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет  мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаiшiлiк тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
  2. Конкурсқа мынадай маршрутардың пакеттері (лоттары) шығарылады:

№ 1 лот «Мойынқұм ауданы – Шу қаласы»;

№ 2 лот «Тараз қаласы – Құлан ауылы» және «Құлан ауылы – Меркі ауданы»;

  1. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
  2. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
  3. Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың
    22 шілдесі сағат 12.00-ге дейін.
  4. 2026 жылдың 08 шілдесі сағат 16.00 - де конкурстық Комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
  5. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7262) 43-06-85.