
Сарысу ауданындағы облыстық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау жұмыстары аясында, «Сарысу жолдары» ЖШС-гі тарапынан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент автожолының 107-163 шқ аралығындағы жол жамылғысында пайда болған шұңқырлықтарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жол бойындағы элементтерді әктеп-сырлау, қалыпына келтіру іс-шаралары атқарылды.