Хабарландыру

Хабарландыру

Жолаушылар мен багажды автомобильмен  облысішілік тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарландыру

 

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасы 2026 жылғы 23 қаңтарында, жергілікті сағат 15.00 - де, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет  мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік (облысаралық, ауданаралық) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

  1. Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті (маршруттар) шығарылады:

     № 1 лот «Тараз қаласы – Қаратау қаласы»

     № 2 лот «Тараз қаласы – Алматы қаласы»

  1. Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе

өзге де   заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген  жеке және заңды тұлғалар  қатыса алады.

  1. Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.

  1. Конкурстық құжаттарды     алуға    және   Конкурсқа   қатысуға өтінімдерді   қабылдаудың   соңғы  мерзімі: 2026 жылдың 13 қаңтары сағат         12.00-ге дейін.
  2. 2025 жылдың   23 желтоқсанында    сағат    16.00 - де    конкурстық  комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
  3. Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7262) 43-06-85.