«ЖАМБЫЛ-ЖАҢАТАС» ПОЕЗДЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ!

«ЖАМБЫЛ-ЖАҢАТАС» ПОЕЗДЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ!

Құрметті облыс тұрғындары, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап әлеуметтік маңызы бар "Жамбыл-Жаңатас" бағытындағы жолаушылар поезды маусымдық негізде (3 ай қыс мезгілінде) өз жұмысын бастайды.

Аталған бағытта 10 тоқтау аялдама бекеттері бар:
- Бұрыл
- Шайқорық
- Аса
- Жұма
- Тамды
- Қаратау
- Ақтаутас
- Табақбұлақ
- Шабақты
- Жаңатас

Бағыт күнделікті негізде қызмет көрсететін болады. Жол жүру уақыты 5 сағат 7 минутты құрайды.

Билет құны – 1 254 теңге.

Поездың жүру уақыты :
Тараз теміржол вокзалынан "Тараз-Жаңатас" бағытында - сағат 16:40;
"Жаңатас-Тараз" бағытында - сағат 04:00;