"Халық Заңгері" акциясы

"Халық Заңгері" акциясы

Ағымдағы жылдың 30 мамыр күні «MART» сауда орталығында «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы аясында жергілікті атқарушы орган, құқық қорғау органдарының өкілдері, заңгерлер мен адвокаттар халыққа заң, құқық төңірегінде туындаған барлық сұрақтары бойынша тегін консультация берді. Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауатын арттыру. Аталған акцияға Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының өкілдері де қатысып халыққа кеңестерін берді.